«Алтын ауыл» тұрғындары шағым айтуда

Primary tabs

Ақп 14, 2020 / 0 комментарии

Редакциямызға «Алтын ауыл» ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Олар аталған ықшам аудандағы  маңында автокөлік иелері жаяу жүргіншілерге арналған жолды жаппай, көліктерін ережеге сай қоюын сұрауда.

Сондай-ақ, ол жерді мекендеушілер мектепке барар жолдың дұрыс жасалмауы себебінен жауын-шашынның суы жиналып қалатынын, салдарынан мектепке баратын балаларға қиындық тудыратын жеткізді.

 

 

Осы ретте тұрғындар, тендер жеңіп алып, «Алтын ауылды» абаттандырып жатқан «Механизация строительства» ЖШС-інің өз жұмысына жауапты қарап, ал жергілікті әкімдіктің оларды жіті қадағалауын талап етуде.