Автобустардағы қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығарды
Главные вкладки
Елордада қоғамдық көліктердегі электронды билет жүйесі қаражаттың 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
«Жылжымалы құрам 100% электронды төлем жүйесімен жабдықталған. Электронды төлемнің үлесі – 100%. Қолма-қол ақшасыз төлем қаражаттың 40%-дан астамын көлеңкелі айналымнан алуға мүмкіндік берді», - деп түйіндеді Даниял Айткенов.
Айта кетейік, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бүгінгі күні жолақы төлеудің бірнеше түрі - көлік карталары, SMS, QR кодтары, Face pay, банк карталары жасалған. Бұл бағыт бағдаршамдарды адаптивті басқаруды және қоғамдық көлікті диспетчерлеуді де қамтитын Интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) жобасы аясында жүзеге асырылуда.