Алматыда қоқыс өңдейтін 6 зауыт салынады

Главные вкладки

июн 24, 2021 / 0 комментарии

Бүгін еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов Еңбекшіқазақ және Қарасай ауданындағы қоқыс полигондарын аралап, мән-жайды байқап қайтты деп хабарлайды Kaskelen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасай отырып.

Министрлік өкілі қоқыс өңдейтін зауыт салынбай, мәселе шешілмейтінін айтып отыр. Айта кетейік, Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орны бар. Әрқайсысының көлемі әртүрлі. 

Тау-тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар табиғатқа ғана емес адам өміріне де зиянын тигізетіні түсінікті. Өкінішке орай, бір ғана Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс орны бар екен. Бұл өзге аймақтарғада тән нәрсе. Мамандар заманауи зауыт салынбайынша жағдай түзелмейді деп отыр. Сол үшін 2025 жылға дейін қоқыс өңдейтін 6 зауыт ашу жоспарланған.Мұндай зауыттар тек Алматы облысында ғана емес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе мен Шымкент қалсында, сондай-ақ Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысынан да бой көтермек.

"– Тұрмыстық қалдықтарды және қауіпті қалдықтарды өңдеу компанияларды міндетті түрде лицензиялау болады. Қоқыстарды шығаруға компаниялар рұқсат алу керек. Осындай кәсіппен айналысамыз деген. Содан кейін мына бүгінгі күнде жаңа полигондарды соғу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жасалып жатыр"-, дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары.