Қазақ қызы қандай болуы керектігін талқылады
Главные вкладки
Қыз бала тәрбиесі қашан да өзекті. Бұл ретте ақылман аналар мен көпті көрген дана әжелердің беретін әсері мол. Осыған орай, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен Аналарымыздың өнегелі жолын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, ана ұғымының ұлы екендігін дәріптеу мақсатында Әйтей ауылында жақсы бір игі шара өтті. Бұл туралы Kaskelenkz тілшісі хабарлады.
Науырыз - жыл басы, тіршіліктің бастауы. Көктемгі мерекелер қарсаңында Б.Қосынов атындағы орта мектепте «Инабат» қыздар клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен, «Қызға қырық үйден тыйым...» тақырыбында әжелер алқасымен кездесу сыр-сұхбат кеші болып өтті. Кеште мектеп оқушы қыздарының көкейде жүрген маңызды сұрақтары әжелер алқасы мүшелерімен бірге талданып, талқыланды. Әжелердің әрбір жауаптары қыздар қауымына өз тәрбиелік мәнін бере отырып, «Қазақ қызы» қандай болу керек екендігіне тағы да бір көз жеткізуге мүмкіндік берілді. Өйткені қазіргі таңда, қазақ қыздарында батыс мәдениетіне және араб мәдениетіне (соның ішінде хиджаб кию) еліктеушілік артып бара жатқандығы туралы сыр-сұхбат жүрді.
Әжелер алқасы, Бақтыгүл әже, Сәния әже, Бозторғай әжелер қазақтың қызы тұрмысқа шыққанша басына бөрік киіп, екі бұрымын артқа өріп, басына үкі тағып, шашына шашбау байлап кер маралдай керіліп жүргендігі туралы дәлелдеп айқын ашып айтты. Басқа ұлт дәстүріне еліктеу өз салтын ұмыту, басқа салтты ұстау қазақ қызына жат қылық екендігін де атап айтып өтті. Қорыта келгенде, әжелердің мектеп қыздарына, бозбалалық жарқын шақтарын мәнді де мағаналы, инабатты да ибалы етіп өткізуге шақырды.
Кезесу сыр - сұхбатымыз қазақ халқы өте жоғарға деңгейде қыз тәрбиесіне мән беретіндігіне тағы да бір дәлел болып, жасөспірімдерге тәрбие тағлымын ұсынды.
Сөз соңында шараны ұйымдастыруда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зульфия Умбетаеваның еңбегі зор екенін айта кеткен жөн.