Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті
Главные вкладки
Алматы облысында вирус жұқтырғандар саны 60-тан асты, - деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгіннің өзінде 7 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Олардың алтауы - 1957, 1980, 1987, 2001, 2013, 2016 жылы туған Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары. Бәрі де бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл алты адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.
COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, жазылып шыққандар – 9.