Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысында қандай өзгеріс бар?

Главные вкладки

мар 19, 2020 / 0 комментарии

Елде орын алған төтенше жағдайға байланысты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында өзгеріс пайда болды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.  

Осы кезеңде ХҚКО-ның Қарасай аудандық басқармасы 9.00 - 17.00 аралығында жұмыс жасайды. Орталыққа тек оффлайн көрсетілетін қызмет түрлері үшін ғана келу керек. Ал, интернет желісі арқылы, электронды кілттің көмегімен тындыруға болатын қажеттіліктер үшін орталыққа арнайы келудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ХҚКО-ларда вирустың таралуына жол бермеу үшін жиі санитарлық шаралар жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ адамдардың көп шоғырланбауы үшін орталықтың ішіне азаматтарды бірнешеуден топ-тобымен кіргізеді.