Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған
Главные вкладки
Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов аудандарында короновирустық инфекция анықталған жоқ. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ, деп хабарлайды Zhetysupress.
2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, ақпанның 20 бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі.
.
Содан соң, тағы 10 күн тұрғылықты мекен-жайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады.
.
Қазір біздің елдің шекара маңындағы саудагерлері, жүк көлік жүргізушілері, қайықшылар Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуіміз тиіс.
.
Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық бақылауда болатыңызды ұмытпаңыз. Ал, көліктер міндетті түрде залалсыздандырылады.