Алматы облысының полициясы аса қауіпті қылмыскерге іздеу салды
Главные вкладки
Алматы облысының полициясы аса қауіпті қылмыскерге іздеу салды. Оның суреті мен жеке мәліметін өңірлік ПД ресми Instagram парақшасына жүктеді.
Хабарламада Ринат Балтабаевтың 1983 жылы туғаны айтылады. Ол бірқатар ауыр қылмыс жасаған. Аса қауіпті қылмыскердің қазіргі мекенжайын Алматы облысы ПД криминалды полиция басқармасы анықтап жатыр.
Оның бойы 160-170 сантиметр, дене бітімі арық, алдыңғы үстіңгі тістері жоқ, шашы мен көзі қара. Фотодағы азаматты таныған және қазіргі мекенжайын білетін адамдар болса, +7 775 157 2222, +7 702 712 7922 немесе102 нөміріне хабарласа алады.