Ата-ана мен мектеп байланысын нығайту үшін
Главные вкладки
Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебінде жоспар бойынша, ақпан айының 12 күні мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «Үш одақ: Бала – Ата – ана – Ұстаз» атты ата-аналармен тренинг-кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты - үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату, ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтардың алдын алу.
Кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Тренинг барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті. Тренингке келгендердің арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптасты, өте жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты