Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
Главные вкладки
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.
Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы
ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге
Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.