Бейжің Олимпиядасында шаңғышылар 10 шақырымдық жарыста сынға түсті

Главные вкладки

Feb 11, 2022 / 0 комментарии

Қазақстандық шаңғышылар 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадада классикалық стильде (10 шақырым) жарысқа түсті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Өкінішке орай, шаңғышылардың ешқайсысы жақсы нәтиже көрсете алмады.

 

Қазақстандық әйелдер арасында Ангелина Шурыга (32:08,8) ең жоғары – 52 орынға ие болды. Одан кейін Ксения Шалыгина (32:09,9) келді. Надежда Степашкина (32:27,2) 57, Виктория Тюленева (32:52,1) 59-орынға табан тіреді.