Қазақстандық шорт-трекшілер іріктеу кезеңін сәтті аяқтады

Главные вкладки

Feb 12, 2022 / 0 комментарии

Қазақстандық шорт-трекшілер 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадада 500 метрге іріктеу кезеңін сәтті аяқтады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы. 

 

Алдын ала жарыста Денис Никиша (40,482) пен Абзал Әжғалиев (40,870) өз квартетінде бірінші болып мәреге жетті. Әділ Ғалиахметов (40,722) екінші орыннан ширек финалға өтті.

 

Осылайша үшеуі де іріктеуден сәтті өтіп, енді 13 ақпанға жоспарланған ширек финалда өнер көрсетеді.