Бекет қоршауын қағып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Главные вкладки

апр 03, 2020 / 0 комментарии

Бекет қоршауын қағып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облыстық сотына сілтеме жасап. 

"Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен анықталғандай, азамат А. 2020 жылдың 2 сәуірінде «Toyota Ipsum» маркалы автокөлікті алколгольдік масаң күйде Жаңағасыр көшесімен солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан төтенше жағдайға байланысты қойылған №4 карантин бекет қоршауын қаққан, сонымен қатар екі автокөлікке қақтығысқан.
Көлік жүргізушісі А. сотта өз кінәсін толықтай мойындады.
2020 жылдың 3 сәуіріндегі Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы Кодексінің 608 бабының 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған әкімшілік жазасы баламасыз болып табылады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", делінген облыстық соттың әлеуметтік желідегі парақшасында.