Қарасай ауданының 90 жылдығы атап өтіледі
Главные вкладки
Қарасай ауданының 90 жылдығы кең ауқымда аталып өтеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Биыл Қарасай ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Қарасай ауданы — Алматы облыстың оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1929 ж. құрылған. Алғашында Ленин, кейіннен (1935 ж. дейін) Калинин, 1935 жылдан Қаскелең, 1998 ж. қыркүйек айынан қазіргі атымен аталады. Жерінің аумағы 2,1 мың км². Халқының саны 270 700 адам.
Ауданды көптеген абыройлы азаматтар басқарған. Қазіргі кездегі Қарасай ауданының басшысы - Далабаев Жандарбек Ермекұлы. Биылғы ауданның мерейтойына орай, Жандарбек Ермекұлының бастамасымен көп жұмыстар атқарылды. Қаскелең қаласы өзгеше түрге еніп, құлпыра түсті. Мәдениет үйінің алдына жаңа саябақ пен мерекелік шаралар өтетін алаң жасалып, аудандық әкімдік алдына Қарасай батырға арналған жаңа ескерткіш орнатылды.
Ертең, яғни, 9.10.2019 жылы ауданның 90 жылдығына орай ауқымды салтанатты жиындар ұйымдастырылады деп күтілуде. Оның ішінде "Киелі өлке - Қарасай" халықаралық ақындар айтысы бар. Ал, 10.10.2019 жылы "Нұрдәулет" ипподромында аламан бәйге болады.
Мерекелік шаралар легін осы күндері Kaskelenkz ютубарнасынан, тікелей эфирден көре аласыздар!