Берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына ұсыну мерзімі қысқарды
Главные вкладки
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.
Заңды тұлғаны тарату немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату бойынша мемлекеттік қызметті уақытылы көрсету мақсатында, есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді әділет органдарына үш жұмыс күні ішінде ұсыну көзделген.
Бұрын мұндай мәліметтер бес жұмыс күні ішінде берілетін еді.
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.