"Болашақпен" оқыған қанша маман шетелде жүр
Главные вкладки
"Болашақпен" оқыған қанша маманның шетелде жүргені белгілі болды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамының президенті Айнұр Кәрібозова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, 27 жылдық "Болашақ" халықаралық стипендиясының тарихында еліміздің 14 156 азаматы стипендияның иегері атанған.
"Олардың 11 133-і бағдарламаның түлегі, ал 7 700-ден астамы бағдарламаның әкімдеушісі – Халықаралық бағдарламалар орталығы алдында еңбек өтіліміне байланысты міндеттемелерін атқарып болғандар. Ал 3 000-нан астамы Халықаралық бағдарламалар орталығымен 3 жылдық және 5 жылдық еңбек өтілімін өтеп жүргендер. Біз олармен ұдайы жұмыс істейміз. Сондай-ақ елден тыс қалғандардың жалпы пайызы қазір 3%-дан төмен. Яғни олар елден жырақта қалғандар. Қалған азаматтардың бәрі өз мамандықтары бойынша елімізде әртүрлі салада қызмет етіп жатыр", - деді Айнұр Кәрібозова.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамының президенті 1 133 түлектің 179-ы, яғни 1,3 пайызы елден тыс жерде жүргендерді құрап отырғанын жеткізді.