Бірінші май ауылдық округінде ағаштар егілуде

Главные вкладки

апр 19, 2021 / 0 комментарии

б"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес.Биылғы жылға Бірінші Май ауылдық округі бойынша 500 түп ағаш отырғызу жоспарланған. Осыған орай, ағымдағы жылдың сәуір айының 17 күні округ әкімі Е.Мукатаевтың ұйымдастыруымен сенбілік жасалып, ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

Игі шараның мақсаты – ауылды көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау.Аталмыш ағаш отырғызу акциясына жастар белсене қатысып, Бекболат және Қайнар ауылдарының орталық көшелеріне 250-ге жуық қарағаш пен терек ағаштарын отырғызды.