Бүгін 1863 қарасайлық түлек мектеппен қоштасты

Главные вкладки

июн 03, 2020 / 0 комментарии

Биыл Қарасай ауданы бойынша білім ошақтарынан 1863 түлек ұшып шықты.

Бүгін, яғни 3-маусымда мектеп бітіруге арналған  "Birgemiz: ТҮЛЕК - 2020" атты салтанатты іс-шарасы ауданның 47 мектебінде өтті. Оған 1724 оқушы қатысып, аттестат алды.  

Салтанатты жиын оқшауланған тәртіпте, 20 минутқа ғана созылып, ата-аналардың қатысуынсыз өтті.


Тағы бір ерекшелік - биыл оқушылар мен ата-аналардың мектеп бітіру кешіне мейрамханаға жиналуына рұқсат жоқ.