Елордада инфекциялық станционар 72 пайызға толды: Қалада локдаун енгізіле ме

Главные вкладки

июл 22, 2021 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн-брифингте инфекциялық станционарлардағы төсек-орын толымдылығы 72 пайызға жеткені хабарланды. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер бұл көрсеткіш 70 пайыздан асса, онда локдаун енгізілуі мүмкін екенін немесе қатаңдатылған шаралар қабылданатынын айтқан болатын деп жазады Kaskelen.kz тілшісі.

Елордадағы эпидемиологиялық ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімет берді.

"Шындығына келер болсақ, қазіргі уақытта астанада тұрғындар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші шарықтау шегінде тұр. 22 шілдедегі жағдай бойынша инфекциялық станционарларда 2 556 пациент ем қабылдап жатыр. Оның 2 270-і коронавирус болса, 286-ы пневмониямен ауырғандар. Осылайша, төсек-орын толымдылығы 72 пайызды құрап отыр", - дейді ол.

Тимур Мұратовтың айтуынша, бүгінде елордада 16 инфекциялық станционар жұмыс істеп тұр. Ауру жұқтырғандардың көбеюіне байланысты қалалық ауруханаларды қайта жасақтауға немесе жоспарлы ауруханаға жатқызуды тоқтатуға тура келеді. 

Айта кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер төсек-орын толымдылығы 70 пайыздан асып, жаңа станционарлар ашу мүмкіндігі болмаса, онда еліміздің жекелеген өңірлерінде локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын