ЕРКЕБҰЛАННЫҢ ЕРЕКШЕ ЖЕТІСТІГІ

Главные вкладки

ноя 04, 2020 / 0 комментарии

Бұл қарасайлық жас спортшы - Қасен Еркебұлан. Жуырда ол муайтайдан Қазақстан Республикасының спорт шебері деген атаққа ие болды.

 

 

 

Еркебұлан спорттың бұл түрімен он үш жасынан бастап айналысады. Бұған дейін де спорт  әлемінде талай белестерді бағындырған. Тек 2019 жылдың өзінде бірнеше жарыстарға қатысқан, Азия чемпионы да атанған.

 Әрине жеткіншектің мұндай жетістікке жетуінде оның бапкері Халелов Равзанның сіңірген еңбегі орасан зор.

 

 

Айта кетейік, жас спортшымыз Қарасай ауданына қарасты Алмалыбақ мектебінің оқушысы.

Еркебұланға алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетіп, тек биіктерден көрінуіне тілектеспіз!