Жамбыл облысында болған жаппай төбелестен екі адам қайтыс болды
Главные вкладки
Жамбыл облысы Шу қаласының бес тұрғыны қатысқан жаппай төбелестің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазан күні кешкі уақытта болған. Қаланың бес тұрғыны бірге ішімдік ішкен соң төбелес шығарған.
Қақтығыс салдарынан екі адам пышақ жарақатынан көз жұмып, тағы бір азамат Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 44 жастағы ер адамды қолға түсірді. Сонымен қатар төбелес болған жерден қашып кеткен 34 жасар ер адам іздестірілу үстінде.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жүріп жатыр, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері әлі жарияланған жоқ.