Жас отбасылар байқауы

Главные вкладки

Май 14, 2019 / 0 комментарии

 

 Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым —  ол отбасы. Бүгін сол отбасылардың беріктігі мен шаңырақ шаттығын нығайту мақсатында ауданымызда игілікті шара бастау алды  деп хабарлайды Kaskelen.kz  тілшісі.  

Қарасай ауданының   мерейтойына арналған «90 жылдыққа – 90 шара» жобасы аясында Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Махаббатымыз берік пе?» атты жас отбасылардың конкурс-фестивалі өтті. Оған барлығы 11 отбасы қатыстып, бақ сынады.

Бұл жобаның авторы әрі ж етекшісі – аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың айтуынша, бұл жаңа шараның жас отбасыларға берер тәрбиелік мәні зор.

Жалпы байқау 4 бөлімнен тұрды. Алдымен жас отбасылар «Бұл біздің жанұя» деген тақырыпта өздерін өлеңмен таныстырып, отбасылық бақытынан сыр шертетін бейнероликтерін  ұсынды.

Одан кейінгі бөлім «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп аталды. Бұл бөлімде ер азаматтар кір тасын көтеріп, күш жарыстырса, ал нәзік жандар жаңа туған жас нәрестеге кигізетін ит көйлек тігіп, шеберліктерін танытты.

Келесі кезекте байқауға қатысушы жас отбасылар көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін байқатты. «Өнерліге өріс кең» демекші, ең соңғы бөлімде ата-аналары мен балалалары бірігіп саханада өнер  көрсетті.

Сонымен, байқау мәресіне жетіп, үздік отбасы анықталды. Жеңімпаздарға ауданымыздың бірқатар азаматтарының дем еушілігімен тағайындалған сыйақылар табысталды. 50 мың теңгелік сертификат пен «Бақытты отбасы» номинациясына, яғни бірінш і орынға Қаскелең қаласынан келген көпбалалы Сариевтар отбасы ие болды.   

Екінші жүлделі орын іргелілік Елшібековтар отбасына, ал үшінші ор ын Бірінші Май ауылдық округінен Үмбетовтар әулетіне бұйырды. Олар да арнайы ақшалай сертификаттарға ие болды. Қал ған қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Оларғаға ас үй техникасы сыйға тартылды. 

Сондай-ақ , аудандық білім  беру мекемелері кәсіподағының төрайымы Сара Байбосынова байқауға қатысқан әрбір анаға 20 мың ақшалай сыйақы тағайындады.