Коронавирустан соңғы тәулікте неше адам көз жұмғаны анықталды
Главные вкладки
Елімізде коронавирус жұқтырғандар туралы 15 мамырдағы ақпарат жарияланды.
Оған сәйкес, коронавирустан соңғы бір күнде тағы 22 науқас қайтыс болған деп жазады coronavirus2020.kz.
15 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 316 адам коронавирус инфекциясынан (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 14 033 пациент стационарда, 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
798 адамның жағдайы ауыр; 185 пациенттің жағдайы өте ауыр; 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Ал соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмған науқастардың саны 22-ге жеткен. Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте 2505 адамның коронавирусты жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 355645.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты. Одан бөлек, Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирус салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы бір жарым-екі жылға қысқарып жатқанын мәлімдеген еді.