Кітапхана басшысы қарт тыл еңбеккерінің үйіне барды

Главные вкладки

Май 10, 2019 / 0 комментарии

Қарасайлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Жалпы ауданда 12 Ұлы Отан соғысының ардагері, 45 ардагерлердің жесірі, 908 тыл еңбеккері өмір сүруде. Мерекеге орай, жергілікті атқарушы орган басшылары мен мекеме өкілдері олардың үйіне барып, көңіл бөлуде. Мысалы, қаскелеңдік тыл еңбеккерлерінің бірі Саларева Екатерина Ивановнаның үйіне Қарасай аудандық кітапханасының директоры У.Өтеева арнайы құттықтап барды. Қарияның сол бір қиын-қыстау шақта өз маңдай терлерін төге жүріп жеңіс күнін жақындатуға ат салысқан еңбектері ешқашан ұмытылмайтынын айтып, деніне саулық, ұзақ өмір тіледі. Сый-сияпатын тапсырды. 
Өз кезегінде Саларева Екатерина Ивановна да көңіл бөлген жандарға ризашылығын білдіріп, соғыс кезіндегі өмір жолын әңгімелеп, шығарған өлеңін оқып, тіпті, әнін шырқап берді. Өскелең ұрпақтың бейбіт күнде өмір сүруін тіледі