Мәскеуге барған Қырғызстан президенті оқшауланатын болды

Главные вкладки

июн 24, 2020 / 0 комментарии

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуге барып тұрып Жеңіс парадына қатыспады. Өйткені қырғыз делегациясының екі мүшесінің COVID-19 жұқтырғаны анықталды.

Қырғызстан президенті Мәскеуден оралғаннан кейін оқшауланатын болды. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Алгоритмге сәйкес президент, делегация мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар Мәскеуге жеткенде коронавирусқа тест тапсырған.

Нәтижесінде президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің бастығы Данияр Сыдықов пен бір қауіпсіздік қызметкерінің тесті оң нәтиже көрсетті. Одан соң Қырғызстан Президенті Мәскеуде өтіп жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады.