Наурыз батырға арналған ескерткіштің жай-күйі қандай?

Главные вкладки

июн 02, 2021 / 0 комментарии

"Қаскелең қаласының мақтанышына арналған ескерткіштің бүгінде жай-күйі қандай"-, деген сауалға жауап ретінде Қарасай ауданы Қаскелең қаласының тұрғыны Kaskelen.kz ұжымына видео және фото арқылы үндеу жолдады.

Тұрғынның айтуы бойынша бұрындары отбасымен серуендеуге келетін ескерткіштің маңы қазіргі таңда қарауға де келмейді екен.Оның басты себебі айналасын былтырдан қалған шөптер басып, ал ескерткішке апаратын тас жолдар үгітілуі себеп болған.Сонымен қатар, видеодан қоқыс жәшіктерін де тот басып, ескіргені көрінеді.

"Қаскелеңнің мақтанышы.Бұрын қарайтын еді, қазір мүлдем қарамайтын болыпты.Барлық жерде шөп өсіп кеткен, одан қалса былтырғы шөптер"-дейді аудан тұрғыны.

Келесі кезекте тұрғын сөз төркінін түнде жанбайтын, сынық шамдар мен жердегі қоқыстарға аударды.

"Қараусыз болып, соғылған, шағылған"-дейді ол.