ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Главные вкладки

ноя 09, 2018 / 0 комментарии

Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғам- ның қарыштап дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және жеке тұрғын үй немесе пә- тер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге қатысты істер санының азаймауы. Жаратылысынан жүрегі кең қазақ әйелі төзімділігімен ерекшеленеді. Өзі қандай қиыншылыққа тап болса да, қанша қысым, моральдық зардап шексе де кешіріммен қарайды, отбасының бірлігін ойлайды. Көп жағдайларда қазақ әйеліне тән бұл қасиет оны отбасындағы қорлық пен кемсітушілікті сыртқа шығаруға да жол бермейді. «Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» қалады. Осыны пайдаланған кейбір пасық жандар отбасын- дағы теріс іс-әрекеттерін жалғастырып келеді. Ондайларға сот қаулысымен Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңын басшылыққа алып құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аталған құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, олармен күресуде учаскелік полиция қызметкерлерінің атқаратын рөлі ерекше. Тәуліктің кез-келген уақытын- да түскен хабарлама бойынша құқық бұзушылық орын алған жерге барып жететін де солар. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кездессе қайда жүгінуге болады: білім беру ұйымдарының психолог мамандарына және денсаулық сақтау ұйымдарына, немесе Қарасай АІІБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы- ның 2-35-64 сенім телефонына, «Родник» дағдарыс орталығының 396-19-38 телефонына, «Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының» 150 телефонына қоңырау шалыңыз.

Э. Есенбаева, Қарасай АІІБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы полиция майоры