Солтүстік Қазақстанда локдаун енгізілуі мүмкін
Главные вкладки
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайының күрт нашарлауына байланысты толық оқшаулау енгізілуі мүмкін және барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
Бұл туралы жұма күні, 15 қазанда өткен брифингте облыстық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Кушбасов мәлімдеді.
Соңғы екі аптада жағдай айтарлықтай нашарлады, коронавирус жұқтырғандар саны 1,5 есеге өсті. Санитар дәрігерлер аурудың өршуін вакциналау көрсеткішінің төмендігімен және "дельта" штамының таралуымен байланыстырады.
"Екі аптадан бері облыс "қызыл" аймақта тұр. Егер коронавирусты жұқтыру көрсеткіші төмендемесе біз кәсіпорындардың жұмысын тоқтатып, толық локдаун енгізуге мәжбүр боламыз. Өйткені науқастар саны көбейсе медициналық мекемелерге де үлкен салмақ түседі", - дейді Арман Көшбасов.
Қазіргі күні облыста коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 1600 төсек-орын бар. 691 науқас стационарда жатыр. Төсек-орын жүктемесі 43 процентті құрап отыр. Облыстың медициналық мекемелеріндегі 115 реанимациялық орынның 44 проценті бос емес.
1-14 қазан аралығында облыстың 1622 тұрғыны вирус жұқтырды. Өткен тәулікте 157 адам індетке шалдығып, 19-ы ауруханаға жатқызылды.