СҚО-да бес күн бұрын жоғалған сегіз жасар қыздың денесі табылды

Главные вкладки

июн 13, 2021 / 0 комментарии

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған сегіз жасар қыздың денесі бес күннен кейін Есіл өзенінен табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 13 маусым күні таңертең сағат жетіден 35 минут кеткенде Есіл ауданы Покровка елді мекенінен жеті шақырым жерде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сегіз жасар қыздың денесін Есіл өзенінен алып шықты.

2012 жылғы қыз бала сегізінші маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді. Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жалпы жыл басынан бер Солтүстік Қазақстан облысында жеті адам суға кетті, оның үшеуі – бала. Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыруда.

"Арнайы жарақтандырылған орындарда ғана суға шомылуға болады, жалғыз және қараңғыда суға шомылуға бармаңыз, балаларды жалғыз өздерін өзен-көлдерге жібермеңіз", - дейді департаментте.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның денесі табылғаны туралы жазған едік. Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында құтқарушылар Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның денесін тапқан.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, табылған мәйіт 2004 жылы туған жігіттікі екені анықталды. Жоғалған жігіттің әкесі өз ұлының денесін таныған. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.