Сұлулығы сыр бермейтін әлемдік жұлдыздар кімдер

Главные вкладки

апр 19, 2021 / 0 комментарии

Әлемде жылдар өтсе де, сұлулығы сыр бермейтін жұлдыздар жетерлік. Олардың кейбірінің жасы тіпті 50-ге таяп қалса да, жүздерінен әжімді байқау мүмкін емес. Осы орайда Woman.ru әлі күнге дейін жас көрінетін танымал тұлғаларды назарыңызға ұсынады.

Әнші Эмма Бантонның жасы 45-ке келсе де оны екі баланың анасы деп ешкім айтпайды. Естеріңізде болса, ол әлемге Spice Girls тобы арқылы танылған еді. 

Өзінің сұлу бейнесін сақтап қалған тағы бір әлемдік жұлдыз, Голливуд актрисасы - Риз Уизерспун. Жасы 45-ке толса да, бүгінде ол 15 жыл бұрынғы кейіпте қалған. 

Актриса Алисия Сильверстоун да жылдар бойы сұлулығын сақтап қалған өнер иелерінің қатарында. Голливуд актрисасының жасы 44-ке келсе де, ол осыдан 10-15 жыл бұрынғы келбетін сақтап қалған. БАҚ өкілдері Алисияның бояусыз 25-30 жас арасындағы бойжеткенге ұқсайтынын айтады. 

Жылдар өтсе де, сұлуығы сыр бермеген тағы бір танымал тұлға - 37 жастағы модель Миранда Керр. Оның көздері мен періште тәрізді күлкісі әлі күнге дейін ерлер қауымын есінен тандырады.

Ресейлік актриса Наталья Водянова да сұлулығы сыр бермейтін жұлдыздардың қатарында. Оның суретіне қарап 5 баласы бар әрі жасы 39-де деп ешкім айтпайды. 

Бетінен бір әжім табылмайтын, жандардың қатарында сондай-ақ 28 жастағы әнші Селена Гомес те бар. Оны көпшілік "Ересек әйелдің образында болса да, бала кейпінде қалады" деп санайды. Десе де, Селена өмірде өзінің томпақ бетінен ұялады екен. 

Әйгілі "Игра Престолов" телехикаясында 16 жастағы Дейенерис Таргариенді сомдаған актриса Эмилия Кларк та жылдар өтсе де бала бейнесін сақтап келеді. Көпшіліктің оны 16 жастағы Дейенерис қалпында қалды деп айтуы да бекер емес. Алайда актрисаның жасы бүгінде 34-тен асқан. 

25 жастағы америкалық модель Джиджи Хадид те сұлулығы сыр бермейтін жұлдыздардын қатарында. БАҚ өкілдері оны тіпті өзінің 24 жастағы сіңлісінен жас көрінеді дейді. 

Бетіне әжім түспей, керісінше жыл өткен сайын жасарып келе жатқан жұлзыдардың қатарында 47 жастағы актриса Тиффани-Амбер Тиссен мен 33 жастағы актриса, модель Джемма Уорд та бар.