Тағамнан уланбау үшін...

Главные вкладки

Feb 13, 2019 / 0 комментарии

Тағам дайындау технологиясын бұзу – тамақтан улануға және жіті ішек жұқпаларының пайла болуына әкеледі. Сонымен қатар, бұл жұқпаны жұқтыру факторларының бірі - бей-берекет сауда орындарында сатылатын азық-түліктер, кірленген көкөністер, жеміс-жидектер болып табылады. Сол себепті, Қарасай аудандық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аурудың алдын-алу үшін қарапайым ережелерді сақтауды ескертеді. Олар:

-          бей-берекет сауда орындарыннан азық-түліктерді сатып алмау керек;

-          бөтелкедегі немесе сапасы кепілдендірілген суды, қайнатылған суды ауыз су ретінде пайдалану қажет;

-          шикі азық-түліктермен дайын тағамдарды жеке сақтау маңызды, әсіресе тез бұзылатын тағамдарды. Сондай-ақ үй жағдайында ас дайындау барысында  жеке гигиеналық ережелерді сақталынуын қадағалау қажет;

-          өткен күннен қалған ас қалдықтарын жаңадан дайындалған аспен араластырмаған жөн, дайындалған ас  келесі күнге қалған жағдайда жеу алдында қайнату немесе қуыру қажет;

-          сақтау мерзімі аяқталған соң және сапасына күмән келтірсеңіз, азық-түлік пен шырындарды пайдаланбаған жөн;

-    кез келген азық-түлікті сауда желісінде  сатып алу барысында оның қауіпсіздігін және сапасын растайтын  құжаттарды тұтынушы сатушыдан сұрауға құқығы бар;

-          Тамақты әзірлеу алдында және оны жеу алдында қолдарды міндетті түрде сабынмен жуу;

-          Крем қосылған торттарды тоңазытқышта сақтау қажет және де олардың тез бұзылатын азық-түлік екендігін ескеру.

Осы талаптарды сақтау арқылы өздеріңізді жіті ішек жұқпаларын жұқтырмауға көмек бере аласыз. Аурушаңдықтың белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну қажет!

 С.Усербаева, бас маман.