Тағы да үшем: Түркістан облысы үшем мен егіздер санынан рекорд орнатып келеді
Главные вкладки
Жыл басынан бері Түркістан облысының батыр аналары «үшемдетіп» рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
⠀
Жақында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева № 1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған.
⠀
Уақытынан ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарып келеді.
⠀
Дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерге ерекше есімдер берілді. Әдемі, Ислам, Самира есімді үшемдер жақында үйлеріне шығарылмақ.
⠀
Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана — үй шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.
⠀
Былтыр № 1 Облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72-сі — егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.