Телефонның біз білмейтін құпиялары қандай ?
Главные вкладки
Заманауи технологиялар денсаулыққа қатысты кейбір проблеманы өз бетінше анықтап, емдеуге сеп болады. Телефон, сағат, білезік көмегімен дертті анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы профессор Андрей Ардашев айтты деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Ғалым "ақылды сағатты" мысалға келтірді. Apple Watch-та жүрек соғысын жазатын, жүрек соғу жиілігін есептейтін, электрокардиограмма нәтижелерін дәрігерге жіберетін "ЭКГ" қосымшасы бар.Ал хирургиялық жағдайды көрсететін имплантацияланған медициналық құрылғылар (кардиостимулятор және дефибриллятор) ауруды анықтап қана қоймай, емдей де алады.
Маманның сөзінше, жаңа құрылғыларды жобалау кезінде медицина және инженерия деп бөлген тиімді. Өйткені дәрігерлерге жаңа технологиялар туралы ақпарат жетіспейді. Ал технологияны ойлап табушы мамандардың медицинадан хабары жоқ. Ал бұл келеңсіз жағдайға алып келуі ықтимал.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.