Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Главные вкладки
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен күн жылынуының салдарынан қар көшкіні жүріп өтті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
«6 наурызда сағат 18:40-та Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымында жауын-шашын және ауа температурасының жоғарылауы салдарынан өздігінен қар көшкіні болды. Көлемі 1250 текше метр», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Арнайы техниканың көмегімен жолдар тазартылуда. Құтқарушылар тәуекелге бармауға, тауға шықпауға және қар көшкінінің аумақтары арқылы өтетін жолдармен жүрмеуге кеңес береді.