Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Primary tabs

Нау 09, 2022 / 0 комментарии

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен күн жылынуының салдарынан қар көшкіні жүріп өтті деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

«6 наурызда сағат 18:40-та Катонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымында жауын-шашын және ауа температурасының жоғарылауы салдарынан өздігінен қар көшкіні болды. Көлемі 1250 текше метр», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Арнайы техниканың көмегімен жолдар тазартылуда. Құтқарушылар тәуекелге бармауға, тауға шықпауға және қар көшкінінің аумақтары арқылы өтетін жолдармен жүрмеуге кеңес береді.

 
Layout
Version