ЭЦҚ-ны қашықтан алуға болады

Главные вкладки

янв 20, 2022 / 0 комментарии

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетіні белгілі. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Ол үшін не істеу керек?

1. Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

2. Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;

3.ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;

4. Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;

5.Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;

6. Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;

7. Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;

8. Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;

9. Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;

10.  Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

11. Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;

12. Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;

13. Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;

14. Сертификатты жүктеңіз.