Қазақстанда ресейлік арналарға тыйым салуға петиция жиналуда

Главные вкладки

мар 19, 2022 / 0 комментарии

 

Қазақстанда ресейлік арналарға тыйым салу туралы петиция басталды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Петиция құрушылар Ресей билігінің қатыгездігі мен үгіт-насихатын таратушылар ретінде ел президентінен, үкіметтен және халық жиналысынан ресейлік арналарды жабу туралы шешім қабылдауды сұрайды. Петиция 2 наурызда, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірнеше күн өткен соң дауыс жинау басталды.

 

«Әсіресе орыс тілді посткеңестіктің миын жуу құралына айналған ресейлік телеарналардың әрекеті кәсіби этика мен жалпы адамзаттық моральға қайшы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясына да тікелей қайшы»,- деп жазылған үндеу мәтінінде.