Қарасай ауданында кімдер тәртіпке бағынбай жүр?
Главные вкладки
Сәуір айының 1-15 аралығында ауданда карантин шаралары күшейтілді. Дегенмен, белгіленген тәртіп пен талапқа бірдей қарамай жатқан кәсіпкерлер де бар. Мысалы, Қарасай ауданы полиция қызметкерлері мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан ойын сауық орталықтарына тексеру жүргізіп, бірқатар шектеу шараларына бей-жай қараған мекемелерді байқады деп хабарлайды Kaskelen.kz Қарасай аудандық ПД сілтеме жасай отырып.
Атап айтқанда, 2021 жылдың 2 сәуірінде сағат 21:30-да тексеру барысында Қаскелең қаласы Абылайхан көшесінде орналасқан ойын клубының бірі карантиндік талаптарды сақтамай қалыпты режимде жұмыс жатқандығын анықтады.
Қарасай ауданыПБ полицейлер карантин режимінде қарамастан өз жұмысын жалғастырып жатқан мейрамхананы анықтады
Ал, 4 сәуірде сағат 18:30-да тексеру барысында Қаскелең-Боралдай бағытындағы трассада орналасқан кафелердің бірі әдеттегідей жұмыс жасап тұрған. Сонымен қатар, келушілердің кіру барысында дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі, қызметкерлердің кафе ішінде бір реттік бетпердесіз жүргендігі анықталды.
Аталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды. Осыған орай, полиция қызметкерлері тұрғындардан құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға назар аударуды сұрайды.