Қарасай ауданында оқушылар арасында эссе жарысы өтті

Главные вкладки

июл 04, 2021 / 0 комментарии

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының “Атамекен” тарихи-мәдени орталығы “Үшқоңыр” спорт кешенімен бірлесе отырып Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз” атты эссе сайысын өткізген болатын.

Мақсаты:

оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу;

ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу;

қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау және марапаттау.

Аталған байқауға мектебіміздің оқушылары белсенді атсалысты. Аудан бойынша қатысқан оқушылардың арасынан 7 “В” сынып оқушысы Амантай Анель жүлделі екінші орынды иеленді.

 Жүлдемен қоса оқушыларға “Үшқоңыр” спорт кешенінің бассейін‍‍ үйірмесіне тегін жолдама сыйға берілді.

Байқау қорытындысы марапаттау рәсімі “Атамекен” тарихи-мәдени кешенінде болып өтті.

Жүлдегер шәкірттер тарихи-мәдени орталықтағы Елбасы туралы мәліметтермен экспонаттарды тамашалап, тарихқа тағы бір көз жүгіртті.