Қарасай ауданында техникалық тексеру жүреді !

Главные вкладки

июн 28, 2021 / 0 комментарии

Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылдың 29 маусымында 09 сағат 00 минутта республикалық деңгейде құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізу мақсатында 30 секундқа электр дабылдары қосылатынын хабарлайды. Осыған байланысты Сізден үрейленбеуіңізді және түсіністікпен қарауыңызды сұрайды.

Сонымен қатар, Қарасай ауданының ТЖБ сізге Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер Сіз сигналды үйде естіген болсаңыз:

- Радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;

- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер Сіз сигналды көшеде естіген болсаңыз:

- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.