Қарасай ауданының ауруханасы медициналық апараттармен жабдықталды
Главные вкладки
Қарасай ауданындағы аурухана тарихында бұрын соңды болмаған жоғары технологиялық медициналық қызмет түрлері іске қосылуда. Атап айтсақ бүйрек жеткіліксіздіне душар болған науқастарға аптасына 2-3 рет гемодиализ сеансын қабылдауға мүмкіндік беретін 6 орындық гемодиализ бөлімі, қан айналым жүйесі ауруының ішінде инфаркт және инсульт алған науқастарға шұғыл диагностикалық көмек көрсететін ангиогарфия бөлімі өз жұмысын бастады.
Ақпарттық жүйеге сүйенсек біздің ауруханада бүйрек патологиясы бар, созылмалы нефрит, бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі және нефрогендік гипертензия, клиникалық манифестік сатыда диабеттік нефропатиямен зардап шегетін 237 пациент диспансерлік есепте тұрады. Олардың ішінде 32-сі 18 жасқа дейінгі балалар. Аталған пациенттердің ішінде 163-і аптасына 2-3 рет гемодиализ сеансын қабылдау қажет.Аурухананың гемодиализ бөлімі науқастарға қолжетімді медициналық көмек көрсететін болады.
Жүрек-қан айналым жүйесінің аурулары әлемде өлім-жітім және мүгедектікке әкелу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Кенеттен болған инфаркт немесе инсульт кезінде адам өмірін сақтау және денсаулыққа төнген қауіпті жою үшін шұғыл диагностикалық көмек көрсету аса маңызды. Ангиограф аспабы науқас инсульт алған сәттен бастап бірнеше сағат ішінде қан тамырдағы патология ошағын анықтап, жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Осы медициналық қызмет түрін біз жақын орналасқан Жамбыл,Іле ауданының тұрғындарына да жасайтын болады.
Тағы бір қуантатын жәйт, аурухананың қабылдау бөлімінде жасалған күрделі қайта жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.Жөндеуден кейінгі қабылдау бөлімі ақпараттық жүйенің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілген күту залы салынды. Енді науқасты қарап-текскеру барысы айқын болады.