Қарасай ауданының тұрғындары сайт арқылы коммуналдық шығындарды өтеу үшін өтінім бере алады
Главные вкладки
Қарасай ауданының тұрғындары Zhetysu.komek109.kz сайты арқылы коммуналдық шығындарды өтеу үшін өтінім бере алады.
Белгілі санаттар бойынша тұрғындарға коммуналдық қызмет шығындары өтелуде. Осыған орай, өтініштерді қабылдау үшін арнайы сайт жұмысын бастады.
Бүгінгі күні облыс бойынша 700 адам өтінім беріп үлгерген.
Аталған сайттың операторы түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істеп, келіп түскен өтінімдерді тіркеу үшін аудандарға жіберуде.
Сондай-ақ, коммуналдық ұйымдардың тұтынушылары Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және облыстың әрбір өңірінің жеке дербес шотының деректерін ұсына отырып өтініш бере алады.