Қаскелеңде жас боксшылар бақ сынауда

Главные вкладки

Feb 27, 2020 / 0 комментарии

25 ақпанда  Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде КСРО спорт шебері, ҚР жоғарғы  ұлттық  дәрежедегі төрешісі  Жақыпов Серік Болатұлын еске алуға арналған бокстан чемпионаттың ашылу рәсімі өтті.  

Қазақстан Республикасы чемпионатының «Шығыс» аймақтық біріншілігіне  2006-2007 жылдары туған  жасөспірімдер қатысты.  

Оған Нұр-сұлтан қаласы мен Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан барлығы 120 жас спортшы келді.

Чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған спорттық шара 5 күнге жалғасады.