Қарағанды саябағына көмілген арыстанның неден өлгені анықталды
Главные вкладки
Қарағанды қаласының орталық саябағында көмілген арыстан неден өлгені анықталды деп хабарлайды Қазақпарат.
Ветеринарлардың сөзінше, саябақта табылған арыстан он айлық африкалық арыстанның күшігі болған. Ол Қарағандының байланыс хайуанаттар бағында мекендеген.
Қожайындарының оған Марс деп ат қойғаны айтылды. Аутопсия арыстанның жұқпалы аурудан көз жұмғанын көрсетіпті. Сонымен қатар, осыға дейін арыстанның иесінің ветеринарларға жүгінгені белгілі болды.
Қарағанды облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 15 маусымда жануар ауырып қалған.
Емдеу шараларын жеке ветеринарлық клиника жүргізіпті. Ем жүргізілгеніне қарамастан, жануар 22 маусымда өлген. Ведомсто арыстанның денесі табылғаннан кейін Михайлов полиция бөлімінің жазбаша ұйғарымы бойынша жеке ветеринарлық клиникада өлі денені патологиялық-анатомиялық тілу жүргізілгенін жеткізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша, тірі кезінде жануар панлюкопения сияқты жұқпалы аурумен ауырғаны анықталды. Бұл ішектің, мезентерияның және іш қуысындағы сұйықтықтың күйі. Ауру мен өлімнің арасында тікелей байланыс бар.
Қарағанды облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы сәлім етілгендей, паталого-анатомиялық тексеруден кейін жануардың денесі мал қорымына шығарылып, Бекқари шұңқырына көмілген.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері арыстанның иесін оны саябақта жерлеуге итермелеген себептерді анықтауда. Тергеу аяқталғаннан кейін санитарлық бақылау және қадағалау органына жануардың өлгені туралы хабарламағаны үшін оның иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы ықтимал.