Қаскелеңдіктер электр энергиясы үшін төлем қымбат екенін айтып шағымданды
Главные вкладки
Қаскелең қаласы Майса көшесінің тұрғындары редакциямызға хабарласып, шағымдарын жеткізді. Олардың айтуынша жеке кәсіпкерге электр жарығы үшін кВт-на 34 теңгеден төлейді екен, бұл Қаскелең қаласы бойынша ең жоғарғы баға.
Kaskelenkz тұрғындармен кездесуге арнайы барып, тікелей эфирге шықты. Артынша бұл жерге қала әкімі Асқар Мұқашев та келіп жетті. Әкім аталған проблема бір ай көлемінде шешімін табады деп уәде берді.