Қаңғыбас иттерді кім саудалап жатыр?

Главные вкладки

Feb 08, 2021 / 0 комментарии

Қарасай ауданында бұралқы иттерге арналған арнайы уақытша изоляторларда санитарлық ветеринарлық талаптар мүлдем орындалмайды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі КТК арнсына сілтеме жасай отырып.

Қаңғыбас итерге байланысты ереженің сақталмауы әсіресе Алматы облысында белең алған көрінеді.Белсеніділердің айтуынша, ветеринарлар бұралқы иттерді аш ұстап өлтіреді. Одан қалса көшеде кезіп жүрген асыл тұқымды үй жануарларын әдейі аулап саудаға салатын көрінеді.Бірақ мұны ветеринарлық станция мамандары мойындамақ емес.Жануарларды қорғау ұйымдарының айтуынша, бұралқы иттердің иесі табылмаса оларды темір үйшікке қамап, аяусыз өлтіреді екен.Тіпті екпенің дозасын да дұрыс салмайды деп қынжылды ұйым мүшесі.Бұл жағдайға байланысты Қарасай аудандық ветеринарлық станциясының мал дәрігері Көшербай Оразақынов

-"Бізде қатыгездікпен жою жоқ.Оны белсенділердің өздері алып кетіп, тарқатады.Бізге қайда апаратынын айтпайды"-деп ашынады.Ал мемлекет тарапынан төрт аяқты хайуандарды құртуға 5 миллионнан артық ақша бөлу жоспарланған.Бірақ ветеринарлар арасында иттерді сату немесе аулау бизннеске айналған сыңайлы.