Қолөнер шебері, құрақшы Ырза Тұрсынзада тегін тренинг өткізді
Главные вкладки
Қазақ қолөнерін жаңғыртып, ата-бабадан қалған асыл мұраны жас ұрпаққа жеткізіп, насихаттап жүрген қолөнер шебері, құрақшы, «Алтын сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада Қарасай ауданына келді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Атап айтқанда ол сәуір айында ауданымыздағы «Анаға құрмет» мұражайында «Аналар аманаты» атты ақысыз тренинг өткізіп, сабақтарына қатысқан шәкірттерінің төл туындыларының конкурсы өткізілген еді. Ең үздік шәкірттері таңдалып, байқау нәтижесі шығарылған болатын. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында өтті. Жүлдегерлерге Шамалған ауылының тұрғыны, кәсіпкер, ұлттық өнер жанашыры Әнипа Әбішқызының демеушілігімен тігін машиналары сыйға тартылып, «Алтын Орда» үйінің бағалы сертификаттары табысталды. Көрме-конкурсқа қатысқан шәкірттерінің алғашқы туындылары Шамалған ауылындағы Қарасай батыр атындағы мешітке сыйға тартылды.
Бұл іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова мен Шамалған ауылының әкімі Ержас Тоқтасынов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Малыбаев ақ батасын берді.
Сонымен қатар, қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде аталған орталықта ауданымыздың өз кәсібін бастағысы келетін қыз-келіншектеріне арналған тегін үш күндік шеберлік сабақтары өткізілді.