ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ANK live тікелей эфирі өткізілді

Главные вкладки

дек 02, 2020 / 0 комментарии

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ANK live тікелей эфирі өткізілді

Тікелей эфир қонақтары болған ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасы орынбасары В.К. Божко мен ҚР Парламент Мәжілісі депутаты С.А. Абдрахманов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігін бекем етудегі рөлінің ерекше екендігін атап өтіп, жемісті еңбектерін жан-жақты саралады.

Бүгінде еліміздегі ұлттар Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде тату-тәтті өмір сүруде. Бұл өз кезегінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына ерекше серпін беріп келеді. Тікелей эфир сәтінде осы және басқа елімізде атқарылған қомақты істер әңгіме өзегіне арқау болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың ел дамуына бағытталған жұмыстардың тиянақты ақтарылуына ұйықты болып отырғаны да назардан қағыс қалмады.

«Тәуелсіздігімізге қол жеткізу расымен оңайға соққан жоқ. Бұл ретте жаңа экономикалық үрдісті реттеу ісі алға шықты. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарды оңтайландыруға ерекше мән берді. Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде ол Алматыда барлық ұлттардың басын қосып, алқалы жиын өткізген сәтінде елдің тұрақтылығын сақтап қалу үшін ортақ мақсатта жұмыла жұмыс істеудің қажеттігін мәлімдеп, тәуелсіздікті бірлесіп баянды етудің маңызына баса тоқталды. Осы ұстаным әліге дейін өз жалғасын тауып келеді»,-деді В.К. Божко сөз орайында.

Тікелей эфир қонақтары әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға да жауап берді.