Әкімдер сайлауы - 2021

Главные вкладки

июл 24, 2021 / 0 комментарии

Президент тапсырмасына сай, енді 4 жылда бір рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Биыл Қарасай ауданы бойынша тек Елтай ауылдық округіне әкім сайланады. Себебі, қазір бұл лауазымдық орын бос деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалия Аманованың берген мәліметіне сүйенсек, бұл лауазымға бастапқыда 5 үміткер болса, қазір 3 қалған.

Елтай округі бойынша 8 сайлау учаскесі, 10872 сайлаушы бар.

Ертең, яғни 25 шілдеде елтайлықтар бюллетень толтыру арқылы осы кандидаттардың ішінен өз әкімін таңдайтын болады.

Комиссия төрағасының айтуынша, барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар толық сақталған.