12 сәуірден "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдау басталады
Главные вкладки
Қарасай ауданының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың назарына! 2021 жылдың 12 сәуірінен «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Бағдарламаға көп балалы отбасы, толық емес отбасы (некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өту керек), мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Қарасай ауданы бойынша ЖАО есебіндегі кезек күтушілердің Бағдарламаға қатысу үшін кезекке қою кезеңі: 2009 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда.
Өтініштер тұрғын үйге мұқтаж жандар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан ғана қабылданады, олардың отбасы мүшелеріне есептегендегі ай сайындағы табыс 106 336,0 теңгеден аспауы керек және заем сомасынан 10% көлемінде бастапқы жарна салу міндетті.
Банктің www.hcsbk.kz сайтына электронды өтініш беру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213, №3 кабинет, Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласуға болады, байланыс телефоны: 8 (727 71) 2-99-30.